Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Түркістан облысының әкімі тағайындалды

08 Қантар 2025, Сәрсенбі
9
0
Түркістан облысының әкімі тағайындалды

   2025 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Президенті Түркістан облысының жаңа әкімі ретінде Нұралхан Көшеровты тағайындады.
  Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол жоғары білімді, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қазақ Гуманитарлық заң университеті және Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алған.
  Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының көмекшісі ретінде бастаған Нұралхан Көшеров әртүрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеді. 2009-2011 жылдар аралығында Қаржы министрлігінің Салық комитетінде және Астана қаласы Салық департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, сондай-ақ Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысының орынбасары болған.
  2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2018-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, кейіннен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды. 2021 жылдан бері Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
  Нұралхан Көшеровтың мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігі Түркістан облысының дамуына жаңа серпін береді деген үміт артуда. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар 
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать