Байланысқа арналған телефондар:
» » Мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында.

Мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында.

15 Желтоқсан 2024, Жексенбі
41
0
 Мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында. Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен Мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында. Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты. Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған.   

   Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Одан әрі шаһар басшысы Қаратау ауданында орналасқан Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне барды. Құжаттарды сақтау шарттарымен және архив материалдарын қалпына келтіру кабинеттерінің жұмысын бақылады. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысына мәліметтерді цифрлық форматқа автоматты түрде көшіру жұмыстарын күшейтуді тапсырылды. Сонымен қатар, “Тельман” шағынауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің, А. Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепке арналған 575 орындық қосымша ғимараттың құрылысында болып, сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №120 орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерді. Жаңа білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай құрылыс басқармасына жұмысты бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Бұдан бөлек, қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жобасының екінші кезеңімен және Әйтеке би көшесінің ағымдағы жағдайымен танысты. Айта кету керек, мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында. Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды. Сонымен қатар Еңбекші ауданында С.Көлбаев, К.Цеткин көшелерінің және Қапал батыр көпірінің санитарлық жағдайын және жарықтандырылуын да тексерді. Биыл ауданда 246 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Бүгінде оның 158-і жарықтандырылды, ал қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады.
    Шымкент әкімі қала аралау барысында Қаратау ауданында заманауи қоқыс жәшіктерін орнату бойынша пилоттық жобамен танысты. Үлкен сыйымдылыққа ие бұл жәшіктер аз орын алады және түбіндегі арнайы табан сұйықтықтардың ағуын болдырмайды. Бұл шешім қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкім «Оңтүстік» индустриалық аймағында орналасхан «Sin Yuan Steel» ЖШС өндіріс кешенінде болды. Бұл кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған, жылына 500 мың тоннаға дейін әртүрлі прокат өнімдері шығарылады. Компания алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, қосымша 80 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. «Polymettech» ЖШС-де қорғасын, мыс және басқа түсті металдар өндірісінің барысымен танысып, еңбек жағдайларын жақсарту мен экологиялық стандарты сақтау бойынша тапсырмалар берілді. 
  Тұран аудананда әкім «Буревестник» спорт кешени мен стадионның жағдайын тексерді. Жауапты тұлғалар мен аудан әкіміне кешеннің қасбетін жаңарту, айналасын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тапсырылды. Абай ауданында көше атаулары жазылған тақтайшаларды орнату жұмыстары қарастырылды. Жыл соңына дейін QR-кодпен 5000 тақтайша орнату жоспарланған. Қала көшелерін жаяу аралау барысында әкім тазалық және инфрақұрылым бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтап, оларды 10 күн ішінде жоюды міндеттеді.
Қорытынды: Шымкент қаласының әкімдігі қала инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп, инженерлік және автокөлік саласында маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Қала басшысы Ғабит Сыздықбековтың тұрақты бақылауында құрылыс нормаларының сақталуы, жұмыстардың сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуы басты назарда. Мегаполистің жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандарын салу, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи қоқыс жәшіктерін енгізу, жарықтандыру жүйелерін жақсарту сияқты ауқымды жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ, экология мен еңбек жағдайларының жақсаруы үшін тиісті тапсырмалар беріліп, кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру көзделуде. Әкімдік қала көшелерін абаттандыру, жаңа инфрақұрылым объектілерін салу және бұрынғыларын жөндеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, бұл Шымкенттің дамуына оң әсерін тигізіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать