5) ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз кластері қарқынды дамуда
ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз кластері қарқынды дамуда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданында «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл фабрика корпустық жиһаздар шығару саласында қызмет етіп, аймақтың өнеркәсіптік дамуына маңызды үлес қосуда. Көшеров фабриканың сапалы өнім шығару және жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, кәсіпорындардың дамуына қажетті қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
Фабрика директоры Икбол Абишев кәсіпорынның жұмысын таныстырып, қазіргі уақытта 40 тұрақты қызметкердің жұмыс істейтінін және олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Фабриканың жылдық қуаттылығы 10 мың дана жиһазды құрайды, ол Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда облыстарында жоғары сұранысқа ие. Фабрика өңірдегі еңбек нарығында тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, аймақ экономикасының дамуына ықпал етуде.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды: Ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауқымды шаралар қолға алынуда
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар тазаланып, су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді
Комментарии (0)




