6) ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров Саурандағы емхананың жұмысымен танысты
ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров Саурандағы емхананың жұмысымен танысты
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапары барысында аудандық емхананың жұмысымен танысты. Ол медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және тиімділікті жақсарту қажеттілігін атап өтіп, денсаулық сақтау мекемелерінің тұрақты түрде жетілдіріліп отыруы маңыздылығын айтты. «Мемлекеттің дамуы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты, сондықтан медицинаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Біз ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға әзірміз», – деп атап өтті әкім.
Сауран аудандық емханасы қазіргі уақытта медициналық құрылғылармен жаңартылып, флюрографиялық аппарат, жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты және үш жаңа санитарлық автокөлікпен толықтырылды. Емхана денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес 1-ші санатқа ие болды. Емхана 73 мың тұрғынға қызмет көрсетеді, оған 31 құрылымдық бөлімше бекітілген, оның ішінде бастапқы медициналық көмек көрсету орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер бар.
Көшеров дәрігерлермен кездесу барысында олардың жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың маңызды екендігін атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)