Түркістандық тұрғындар жеке қабылдауда әлеуметтік мәселерді көтерді
Түркістандық тұрғындар жеке қабылдауда әлеуметтік мәселелерді көтерді
Түркістандық тұрғындар жеке қабылдауда әлеуметтік мәселелерді көтерді, деп хабарлайды. Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласының және Жетісай, Сауран, Келес, Отырар аудандарының тұрғындары келді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, несие жабу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайын қозғады. Сонымен қатар денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу сияқты бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Бейсенбай Тәжібаев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
6) ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ: Шымкентте қоғамдық қабылдау өтті
Комментарии (0)




