Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады

Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
22
0
Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады

Түркістан облысында білім саласын дамыту, білім мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту және мектеп құрылыстарын жүргізу бағытында жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен өткен жиналыста осы саладағы мәселелер баяндалып, 2025 жылы атқарылатын жұмыстар сараланды. Облыс әкімінің орынбасары өткен жылы жүйелі жұмыс атқарылғанын айтып, биыл білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуді және жұмыс қарқынын күшейтуді ескертті.

– Мемлекет басшысы Жолдауында республика көлемінде 1300 мектепті жаңғыртудан өткізуді тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, өңірде осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруды тапсырамын. Биыл өңірдегі 41 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі 100 білім беру мекемесінің жылыту жүйесін қатты отыннан табиғи газға ауыстыру, облыстағы 105 мектептің ішкі әжетханаларын ретке келтіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жалғасуы тиіс. «Қауіпсіз мектеп» жобасының толық іске асырылуы қолға алынып, білім мекемелеріне цифрлық жүйелерді енгізу бойынша нақты ұсыныс беріліп, тиісті жұмыс атқарылуы тиіс. Бөлінген қаржыны дұрыс игеріп, тиісті жұмысты уақтылы атқару керек. Білім саласын дамыту – басты назарда. Осы салада креативті ұсыныстарға ашықпыз, – деген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жауапты басшыларға жүктелген міндеттерді сапалы орындауды тапсырды.

Мәжілісте білім ұяларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, балаларды жазғы сауықтыру лагерлерін жаңғырту, дабыл батырмаларын және бейнебақылау орнату, креативті іс-шаралар ұйымдастыру, оқу кабинеттерін жабдықтау, цифрлық жүйеге көшу, интернет желісімен қамтамасыз ету және өзге де мәселелер көтеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Алдағы уақытта өңірде білім мекемелерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында білім ұяларына бейнебақылау камералары мен дабыл батырмалары орнатылмақ. Сонымен қатар, оқу процесін жаңғырту және мектептердің цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, Түркістан облысында білім саласын дамыту үшін бірқатар маңызды іс-шаралар қолға алынуда. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать