Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

17 Қантар 2025, Жұма
1 545
0
Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы 271 348 адамға «Гриппол+» екпесі салынды. Бұл өңір тұрғындарының 12,9%-ын құрайды. Осы жылдың басында облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеп, тұрғындарға екпе егу жұмыстарының нәтижесін жариялады.

Брифингте Елемесов ағымдағы эпидемиялық маусымда ЖРВИ ауруының жағдайына да тоқталды. 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін облыс бойынша 125 804 ЖРВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 69 142 жағдай, 1 жасқа дейінгі балаларда – 9985, жүкті әйелдерде – 7143 ЖРВИ аурушаңдығы анықталды. Оның айтуынша, инфекциялық аурулар, әсіресе ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздықпен сипатталады, себебі аурушаңдық кез-келген уақытта күрт артып, асқыну жағдайлары орын алуы мүмкін.
Елемесов қазіргі уақытта еліміздің шетелдермен саяси-экономикалық және туристік қарым-қатынастарының белсенді дамуының да бұл жағдайға ықпал ететінін атап өтті. Түрлі елдермен байланыс жасау арқылы вирустардың таралу қаупі артуы мүмкін.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте аймақтағы эпидемиологиялық ахуал туралы толық мәлімет берді. Қазіргі таңда облыс бойынша 685 инфекциялық төсек-орын бар, оның 240-ы ересектерге, 445-і балаларға арналған. Инфекциялық төсек-орында бүгінгі күні 486 науқас жатқызылған, оның ішінде 199 ересек, 66 жүкті әйелдер және 221 бала бар.

Өңірдегі денсаулық сақтау мекемелері тиісті шараларды қолға алып, науқастарды емдеуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр. Эпидемиялық жағдайды бақылау және алдын алу мақсатында аймақтағы барлық денсаулық сақтау ұйымдары қосымша сақтық шараларын қабылдауда. Сонымен қатар, тұрғындар арасында профилактикалық екпелер жалғасуда, бұл инфекциялық аурулардың таралуын төмендетуге септігін тигізеді.

Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта да ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын күшейтіп, тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін қосымша жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать

0