Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі зауыт салынады: инвестиция көлемі 3 млрд теңге
Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі зауыт салынады: инвестиция көлемі 3 млрд теңге
Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі жаңа зауыт салынады. Бұл жобаларға салынған инвестиция көлемі 3 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорындар Мақтаарал ауданындағы индустриалды аймақ аумағында орналасатын болады.
Бірінші зауыт ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суаруға арналған техника шығарады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллиард 500 миллион теңге инвестиция тартылмақ. Екінші зауыт мақта тұқымын өңдеумен айналысады, оның да құны 1 миллиард 500 миллион теңге. Бұл екі өндірістік нысанды іске қосу 2025 жылға жоспарланған.
Әкімдіктің мәліметінше, индустриалды аймақта қазіргі уақытта мақта өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр. Бұл зауыттан шығарылатын өнімдер Қытай, Түркия, Иран, Еуропа елдеріне және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Жаңа жобалардың іске қосылуы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)