Түркістан облысында 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды
Түркістан облысында 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды
2024 жылы Түркістан облысындағы «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жоба облыстың индустриалды әлеуетін арттыру мақсатында «Turkistan» корпорациясымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 308 млрд теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бюджетке жыл сайын 2 млрд теңге салық түсіріледі деп жоспарлануда.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 кәсіпорын іске қосылды. Бұл кәсіпорындар әртүрлі салаларда қызмет көрсетеді, соның ішінде су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін 3 кәсіпорын жұмыс істей бастады. Сонымен қатар мектепке арналған жиһаз, медициналық жабдықтар, өнеркәсіптік тоңазытқыштар және ішкі есіктер өндіретін кәсіпорындар ашылды. Осы жобалар өңірде жаңа жұмыс орындарын құрып, экономикалық дамуға елеулі үлес қосуда.
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің тамыры тереңнен — жол инфрақұрылымы жаңа дәуірге қадам басуда
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Қаратау ауданында кешенді тексеру: басшылық нақты міндеттер қойды
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Шымкент қысқа дайын: «Әділет» партиясы жылу жүйелеріне мониторинг жүргізді
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Похожие материалы:
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Комментарии (0)



