Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтап, заңсыз алкоголь өндірген азаматты ұстады

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтап, заңсыз алкоголь өндірген азаматты ұстады

18 Қантар 2025, Сенбі
1 524
0
Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтап, заңсыз алкоголь өндірген азаматты ұстады

Түркістан облысында полицейлер үйде жерасты цехының жұмыс істеп жатқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар алкоголь өнімдерін заңсыз өндірумен айналысқан цехтың қызметін тоқтатты. Шаралардың нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталып, оның үйінде заңсыз бизнес ұйымдастырғаны белгілі болды.

Тінту барысында полицейлер қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстарды тәркіледі. Алынған өнім мен құрал-жабдықтардың жалпы құны шамамен 360 мың теңгені құрады.

Бұл жерасты цехы үш ай бойы жұмыс істеген және оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, ал ұсталған тұлғаға қатысты заңнамалық шаралар қолданылып, оған қылмыстық іс қозғалды. Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін полиция органдары үнемі бақылау жасап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать