3) ШЫМКЕНТ: медициналық ұйым басшыларына қызметтерді сатып алу қорытындылары таныстырылды
ШЫМКЕНТ: медициналық ұйым басшыларына қызметтерді сатып алу қорытындылары таныстырылды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы филиалының директоры Ляззат Алимова медициналық ұйым басшыларымен кездесіп, 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерінің қорытындылары мен өзгерістер туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, амбулаториялық қызметтердің басым бөлігі профилактикалық бағытты қамтиды, соның ішінде созылмалы ауруларды бақылау, жүкті әйелдерге арналған антенатальды күтім, ересектер мен балаларға арналған профилактикалық тексерулер бар. Бұл шаралар халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жүйелі түрде бақылауға алынып отыр.
Қор филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова өткен жылы медициналық ұйымдарда 300 мыңнан астам ақау анықталып, 1,9 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Ақаулардың көбісі консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету кезінде орын алған. Сондай-ақ, 2024 жылы 1500-ға жуық шағым түскен, олардың көпшілігі медициналық қызметтен бас тарту, қызмет сапасының төмендігі және дәрі-дәрмектің уақытылы берілмеуіне қатысты болған.
Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында бас қосуда ішкі аудит қызметін күшейту және репутациялық менеджментті дамытуға ерекше назар аударылды. Қор басшылығы медициналық ұйымдар санының артуы мен бәсекелестіктің күшеюі қызмет сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
13 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: ДЕРБЕС САРАПШЫЛАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮШ ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Комментарии (0)




