Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері және қала тұрғындары белсене қатысты. Қала басшысы сенбілікке қатысқан азаматтарға алғыс білдіріп, Түркістанның гүлденуі қала тұрғындарының бірлесіп атқарған еңбегіне байланысты екенін атап өтті. Сенбілік кезінде қала тұрғындары саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Шараға 500-ге жуық адам қатысып, 30 техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді. Биыл, бағдарлама аясында облыс бойынша 7300-ге жуық тазалық жұмыстары ұйымдастыру жоспарлануда.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
22 Қантар 2025, Сәрсенбі
Түркістанда жалпықалалық сенбілік: «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда
Комментарии (0)





