Суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алу: №30 мектепте оқушылармен профилактикалық жиын өтті
2025 жылдың 26 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылар арасында суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды түсіндіру жиыны ұйымдастырылды. Бұл кездесу жаңа оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп, жоғары сынып оқушыларына маңызды тәрбиелік әрі құқықтық бағыт-бағдар беруді көздеді.Жиынға мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Момбеков Мұхтар Пернаханович, сондай-ақ Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Пашаева Гүлмира Ғазизқызы қатысты. Олар 9–11 сынып оқушыларымен еркін форматтағы әңгіме өткізіп, жастарды қоғамда кездесетін түрлі қауіптерден сақтануға шақырды.
Жиын барысында оқушыларға бірқатар өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
- Құқықбұзушылықтың алдын алу – жасөспірімдердің қылмысқа немесе заңсыз әрекеттерге бармауы үшін құқықтық сауаттылықты арттыру;
- Нашақорлыққа қарсы күрес – есірткінің зияны мен оның салдары туралы нақты деректер келтірілді;
- Суицидтің алдын алу – психологиялық қолдау мен өмірдің құндылығын түсіндіру, қиын жағдайда көмек сұраудың маңыздылығы айтылды;
- Әлімжеттік пен зорлық-зомбылық – мектепте және қоғамда төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру;
- Беймезгіл уақытта көшеде жүрудің зияны – балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар мен оқушылардың жауапкершілігін арттыру мәселелері көтерілді.
Кездесу аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыбына айрықша көңіл бөлінді. Полиция өкілдері оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін, құқық бұзған жағдайда оның заңдық жауапкершілігі болатынын түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу – денсаулықты нығайтып қана қоймай, болашақ жетістіктердің кепілі екені жеткізілді.
Жиынға мектеп парламенті мен өзін-өзі басқару ұйымы да атсалысты. Олар оқушыларға өз қатарында тәртіпті сақтаудың, бір-біріне қолдау көрсетудің, қоғамға пайдалы істермен айналысудың маңызын түсіндірді. Жастарды адалдыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке шақырып, жасөспірімдердің бойында азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған бастамалар ұсынды.
Бұл – мектеп ұжымының тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөліп, оқушыларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуге ұмтылып жатқанын көрсетеді.
Жиында қозғалған ең өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу болды. Психологиялық қысым, түсінбеушілік, достық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі кейде оқушылардың теріс қадамға баруына әкелетіні айтылды. Осыған байланысты балаларға өз сезімдері мен ойларын ашық айтуға, сенімді адамдармен бөлісуге, мектеп психологынан немесе ұстаздарынан көмек сұрауға кеңес берілді.
Полиция подполковнигі Гүлмира Пашаева:
«Әрбір өмір – қымбат. Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, жалғыз қалмаңыз. Сізге көмек беруге дайын адамдар әрқашан бар», – деп оқушыларға үн қатты.
Нашақорлық, маскүнемдік және құмар ойындардың зардаптары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Бұл әдеттердің:
- денсаулықты әлсірететіні;
- отбасы мен қоғамға ауыр зардап әкелетіні;
- жастардың болашағына кедергі болатыны айтылды.
Мектепте де, қоғамда да әлімжеттікке төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру басты назарға алынды. Балалардың бір-біріне құрметпен қарауы, достық қарым-қатынасты нығайтуы, зорлық-зомбылыққа жол бермеуі – қоғамның тұрақтылығының кепілі екені жеткізілді.
Бұл жиын оқушыларға құқықтық және адамгершілік тұрғыдан үлкен сабақ болды. Олардың бойына жауапкершілік, тәртіп, адам өмірінің құндылығын түсіну сияқты қасиеттерді сіңіруге ықпал етті.
Іс-шара соңында мектеп басшысы Жансұлу Абдразаққызы мұндай кездесулердің жасөспірімдердің тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын айтып, алдағы уақытта да осындай жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Ораз Жандосов атындағы №30 мектепте өткен бұл жиын – жасөспірімдерді қорғауға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.
Жас ұрпақтың дұрыс тәрбиесі – мемлекет болашағының кепілі. Сондықтан мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы жастарды белсенді, білімді, жауапты азамат етіп тәрбиелеудің негізі болып қала бермек.
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
24 Қырқүйек 2025, Сәрсенбі
Шымкенттегі №133 мектепте интернет алаяқтық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
22 Қырқүйек 2025, Дүйсенбі
№137 мектепте кездесу: ерте жүктіліктің, зиянды әдеттердің, құмар ойындардың, алаяқтық пен кибербуллингтің алдын алу
26 Қырқүйек 2025, Жұма
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының №152 мектепте өткізген түсіндіру жұмыстары
29 Қырқүйек 2025, Дүйсенбі
А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектепте «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу
04 Қырқүйек 2025, Бейсенбі
Шымкентте №15 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
03 Қырқүйек 2025, Сәрсенбі
Еңбекші аудандық полиция басқармасы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, қауіпсіздікке шақырды
Комментарии (0)
