Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістандағы 5 мың орындық мешіттің құрылысы қарқын алуда

Түркістандағы 5 мың орындық мешіттің құрылысы қарқын алуда

24 Қантар 2025, Жұма
1 794
0
Түркістандағы 5 мың орындық мешіттің құрылысы қарқын алуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс барысымен танысып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыс жұмыстарын жеделдету, жұмысшылар санын арттыру, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды қадағалау тапсырылды.

Қазіргі таңда мешіттің қасбеті салынып бітті, мұнарасы орнатылды. Электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жүргізілуде. Ішкі әрлеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Нысан құрылысында 30-дан астам жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған.

Әлемдегі озық тәжірибелерді ескере отырып салынып жатқан еңселі ғимарат Түркістан қаласының көркін келтіре түспек. Сәулеті ерекше Ислам орталығы шығыстық нақышта безендірілуде. Жан-жақты зерделенген жоба бойынша құрылыс жұмыстары биыл толықтай аяқталуы тиіс. Мешіт іргесінің беріктігін қамтамасыз ету үшін арнайы технологиялар қолданылған.

7,7 гектар аумақты алып жатқан шығыс үлгісіндегі Ислам орталығында 5 мың жамағат бір мезгілде құлшылық ете алады. Заманауи үлгіде салынып жатқан бұл ғибрат орны Түркістан қаласының рухани астана мәртебесін асқақтата түспек. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать