Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкенттегі жалақы: неге Астана мен Алматыдан төмен?

Шымкенттегі жалақы: неге Астана мен Алматыдан төмен?

26 Қантар 2025, Жексенбі
20
0
Шымкенттегі жалақы: неге Астана мен Алматыдан төмен?

Шымкент, Астана және Алматы – республикалық маңызы бар үш қала. Алайда, мәртебелері тең болғанымен, Шымкенттегі табыс деңгейі едәуір төмен. Ресми статистика бойынша Шымкентте жалақының жылдық өсімі 16,1% болғанымен, нақты табыс Астана мен Алматыдан айтарлықтай төмен.

2024 жылдың үшінші тоқсанындағы орташа номиналды жалақы:

* Астана: 504 212 теңге
* Алматы: 471 264 теңге
* Шымкент: 309 733 теңге

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс айырмашылығы тіпті үлкен: Шымкентте бұл көрсеткіш небары 127 857 теңгені құрайды. Экономист Бекнұр Қисықов бұл айырмашылықты бірнеше фактормен түсіндіреді.

Біріншіден, Шымкент 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып, ауыл шаруашылығына бағдарланған өңірмен тығыз байланысты болды. Қазір де қала ауыл шаруашылығы саласының маңызды орталығы болып қала береді. Ал Астана мен Алматы – елдің негізгі қаржы-экономикалық және әкімшілік орталықтары. Сондықтан бұл қалалардағы мамандар жоғары жалақы алады.

Екіншіден, жалақы деңгейі өмір сүру құнымен тікелей байланысты. Шымкентте тұрғын үй, көлік және қызмет көрсету бағасы Астана мен Алматыға қарағанда әлдеқайда төмен. Екі мегаполисте бұл шығындар едәуір жоғары.

Осылайша, Шымкенттегі жалақының төмен болуы тарихи қалыптасқан экономикалық құрылыммен, өмір сүру құнының төмендігімен және қаланың ауыл шаруашылығы секторына жақындығымен түсіндіріледі. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать