Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) Шымкенттегі жалақының Астана мен Алматыға қарағанда төмен болуына бірнеше фактор әсер етеді.

4) Шымкенттегі жалақының Астана мен Алматыға қарағанда төмен болуына бірнеше фактор әсер етеді.

18 Қантар 2025, Сенбі
1 516
0
Шымкенттегі жалақының Астана мен Алматыға қарағанда төмен болуына бірнеше фактор әсер етеді. 


  Шымкент қаласында 2024 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақының орташа деңгейі 309 733 теңгені құрап, жылдық өсім 16,1 пайызды көрсетті. Бірақ, осы көрсеткіш Астана мен Алматыға қарағанда әлі де төмен. Мысалы, Астанада орташа жалақы 504 212 теңге, ал Алматыда 471 264 теңгені құрайды. Бұл деректер Шымкенттің экономикалық әлеуеті мен табыс деңгейін Астана мен Алматымен салыстырғанда айтарлықтай арттыру қажет екенін көрсетеді.
  Шымкенттегі жан басына шаққандағы ақшалай табыс 127 857 теңге болғанымен, бұл көрсеткіш мегаполис мәртебесіне қарамастан үлкен қалаларға қарағанда әлдеқайда төмен. Сондай-ақ, «медиандық» жалақы көрсеткішіне сүйенсек, Шымкенттегі орташа жалақы 248 579 теңге, ал Астанада бұл көрсеткіш 327 598 теңге, Алматыда 325 649 теңге деңгейінде.
  Экономист Бекнұр Қисықов бұл айырмашылықты Шымкенттің инвестиция тарту мен жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету деңгейінің Астана мен Алматыдан артта қалғанымен түсіндіреді. Ол Шымкенттің дамып келе жатқанын мойындай отырып, инвестиция көлемі мен мемлекеттік қолдаудың Шымкентте әлі де Астана мен Алматы деңгейінде емес екенін атап өтті. Сонымен қатар, қала дамыған сайын, жалақының да көтерілуі мүмкіндігі бар екенін айтты.
  Ал әлеуметтанушы Жанар Жандосова бұл мәселені экономикалық құрылым тұрғысынан түсіндіреді. Оның айтуынша, Шымкенттің экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына бағытталған, ал Астана мен Алматының экономикасы мемлекеттік қызметтер мен коммерциялық секторға негізделген. Бұл да өз кезегінде жалақы деңгейіндегі айырмашылықты түсіндіреді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать