Шымкентте ауыз су арнасын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқылануда .
Шымкентте ауыз су арнасын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқылануда
Шымкент қаласында ауыз су арнасын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қызу талқылануда. Қоғамда екі жақты пікір қалыптасып, петициялар жарияланып, әрқайсысына 12 мыңнан астам қол жиналған. Осыған байланысты әкімдік өкілдері мен серіктестік иелері кездесіп, қос тараптың ұстанымдарын тыңдады.
Қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін компания ішкі және магистралды жүйелердің 78%-не иелік етеді. Мәслихат депутаттары мен әкімдік өкілдері стратегиялық нысан жекеменшікте болмауы керек деп есептейді. Олардың айтуынша, аймақтағы су тарифі Астанамен салыстырғанда 1,5 есе, Алматыдан 2 есе қымбат. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Алматыда 45 теңге, Астанада 91 теңге тұратын ауыз судың Шымкентте 142 теңгеден сатылып жатқанын сынға алды.
Серіктестік өкілдері тарифтен түскен табыстың 41%-ын су желілерін жаңғыртуға жұмсайтындарын айтады. Олар Астана мен Алматыда субсидия бөлініп, баға ұдайы бақылауда болатынын, ал нысан мемлекет меншігіне өтсе, бюджет шығыны көбейетінін алға тартады.
Мәселенің шешімі әлі табылған жоқ. Қос тарап та өз ұстанымдарын дәлелдеуде. Бұл мәселе қала тұрғындары үшін маңызды болғандықтан, әділ шешім қабылдануы тиіс. Әрі қарай қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, халықтың пікірі ескерілуі керек.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Инженерлік инфрақұрылым — бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қоғамның әртүрлі салаларындағы қызметтерді қолдауға арналған техникалық жүйелер мен құрылғылар жиынтығы.

29 Тамыз 2024, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Комментарии (0)