Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

12 Қантар 2025, Жексенбі
12
0
Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

ШЫМКЕНТ. Сенімгерлік басқаруға берілген су-спорт кешені жарамсыз күйге түскен. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (МКҚК) сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Нысанның нарықтық құны 1 млрд 213 млн 700 мың теңгені құрады.

Электронды сауда нәтижесінде жеңімпаз атанған «GRAND TRUST» ЖШС-мен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасалды. Келісімшарт бойынша сенімгерлік басқарушы кешенге 500 млн теңге инвестиция салып, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауы керек еді. Алайда, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт талаптары орындалмаған.

– Басқарушы компанияның міндеттерін адал орындамауы салдарынан бүгінде ғимарат пайдалануға жарамсыз күйге түсті. Қабырғалары жарылған, кейбір еден жабындары опырылған. Алдын ала тексеру барысында кешеннің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні және оны пайдалану азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анықталды, – делінген әкімдік ақпаратында.

Нысан мемлекетке қайтарылып, оның болашақта қалай пайдаланылатыны туралы шешім қабылдау үшін қосымша сараптама жасалатыны хабарланды. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать