Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Шымкенттік жастарды жеңіл өнеркәсіпке тартудың тың әдісі қолға алынды

7) Шымкенттік жастарды жеңіл өнеркәсіпке тартудың тың әдісі қолға алынды

28 Қантар 2025, Сейсенбі
15
0

Шымкенттік жастарды жеңіл өнеркәсіпке тартудың тың әдісі қолға алынды

  Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында жастарды тартудың тиімді әдістері енгізілуде. Жаңа бастамалар арасында кілем фабрикасында сыйақы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ тәжірибелі шеберлердің жастарға кәсіби білім беруі ерекше орын алады. Жастардың арасында жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру үшін жаңа ынталандыру тәсілдері ұсынылған.
  Мысалы, кілем фабрикасында еңбек өтілі 5 жылдан асқан жұмысшыларға отбасымен бірге тегін демалыс берілсе, 8 жылдан кейін шетелге жолдама қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысшылардың еңбекқорлығын бағалау үшін сыйақы тағайындау жүйесі енгізілді. 24 күн үздіксіз жұмыс істегендерге арнайы сыйақы тағайындалып, көп көлемде өнім өндіргендерге қосымша ынталандыру беріледі. Бұл жүйе жас мамандардың жұмысқа ынтасын арттырып, кәсіпорында еңбек етушілердің санын көбейтуде.
  Алтынай Дәден сияқты тәжірибелі шеберлер өз білгендерін жас кадрларға үйретіп, оларды кәсіби тұрғыда тәрбиелеп отыр. Берік Байтуған сияқты жас маман кілем тоқу өнерінің қыр-сырын меңгеріп, еңбекке араласуда. Алтынай Дәденнің айтуынша, «еңбектің ебін тапқан адам кез келген жұмысты игеріп алады», бұл сөздер жастарға үлкен мотивация береді.
  Қазір кілем фабрикасында 500-ге тарта адам еңбек етеді, олардың 90%-і жастар. Бұл саладағы өзгерістер, әсіресе, жас кадрлардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттырып, аймақтағы жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға серпін береді. 
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать