Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте "Жұмысшы мамандықтар жылына" дайындық басталды

Шымкентте "Жұмысшы мамандықтар жылына" дайындық басталды

24 Қантар 2025, Жұма
1 541
0
Шымкентте "Жұмысшы мамандықтар жылына" дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар қолға алынды. Бұл бастама еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті дәріптеп, жастарды нағыз маман болуға ынталандыруды мақсат етеді.

Осыған орай, қалада мемлекеттік жастар саясаты мен өзекті мәселелерге арналған көшпелі баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің айтуынша, қалада техникалық және кәсіби білім беру саласына, жұмысшы кадрлар даярлауға басымдық беріліп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігі Үкімет жоспарының жеті бағытын қамтитын 59 тармақтан тұратын арнайы өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар алты бөлімнен тұрады:

1. "Жұмысшы мамандықтар жылын" ұйымдастыру
2. Кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту
3. Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және білім беру ұйымдарының тартымдылығын арттыру
4. Жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуын кеңейту
5. Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету
6. Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру

Қаладағы 39 колледжде 49 780 студент білім алуда. 2024-2025 оқу жылына республикалық бюджеттен 6000, жергілікті бюджеттен 5500 грант бөлінді. Гранттар 28 колледждегі 78 мамандық бойынша, оның ішінде жұмысшы мамандықтарына 67,5%, педагогикалық мамандықтарға 16,8%, медициналық мамандықтарға 11,2%, мәдениет және өнер саласына 4,5% бөлінді.

Сәрсен Абайұлының айтуынша, "Жұмысшы мамандықтар жылы" жастарды еңбекқорлыққа, кәсібилікке және өз болашағын құруға ынталандыратын маңызды қадам болып табылады. Бұл бастаманы жүзеге асыруға қоғамның барлық мүшелері атсалысуы тиіс. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать