7) ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жылына 120 тонна балық өсіріліп жатыр
ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жылына 120 тонна балық өсіріліп жатыр
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Облыста бүгінде 231 тауарлы балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал Түлкібас ауданында балық шаруашылығына деген қызығушылық айтарлықтай өскен. Биылғы жылы 10 кәсіпкер осы салада өз ісін бастауға ниет білдірген, ал аудан аумағында барлығы 26 кәсіпкер балық шаруашылығымен айналысады.
Аудан әкімі Асқар Естібаев осы кәсіпкерлердің бастамаларымен танысып, Машат ауылының тұрғыны Ермахан Дүйсенбековтың 1,8 гектар жерге жасанды көл қазып, оған 30 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберу жоспарымен танысты. Сонымен қатар, «Жеті үй» шаруашылығы 5 жыл бұрын жасанды көлге 20 мың балық шабақтарын жіберіп, қазіргі таңда жыл сайын кемінде 5 тонна өнім алып отыр. Кәсіпкер көл жанына Сақ моншасын салып, дәмхана ашып, табысын да арттыруда.
Аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы мемлекеттік қолдаулар көрсетілетінін атап өтіп, жауапты бөлім басшыларына алдағы уақытта балық шаруашылығын ашқан және осы салада табысты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)