Байланысқа арналған телефондар:
» » Түлкібас ауданында өндіріс орындары мен инфрақұрылым жаңғыруда

Түлкібас ауданында өндіріс орындары мен инфрақұрылым жаңғыруда

29 Қантар 2025, Сәрсенбі
35
0
Түлкібас ауданында өндіріс орындары мен инфрақұрылым жаңғыруда

Түлкібас кентінде орналасқан «Grand Flour Industry» ЖШС аймақтық және халықаралық деңгейде маңызды өнім шығаратын кәсіпорын ретінде жұмысын жандандыруда. Зауыт жылына орта есеппен 800-1000 тонна жоғарғы және бірінші сортты ұн мен мал азығын өндіреді. Өнімдер «ARDA Түлкібас» брендімен оңтүстік аймақтың үш өңірі мен Өзбекстан нарығына экспортталады.

Жуырда кәсіпорын ағымдағы жөндеуден өтіп, жұмысын қайта бастады. Аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен бірге зауытқа арнайы барып, өндіріс процесімен танысты. Зауыттың жұмысын бағалаған әкім өнім сапасын тексеріп, кәсіпорынның қуаттылығын арттыру бағытында ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін ұн шығара алады және мұнда 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Азық-түлік сақтау инфрақұрылымын дамыту
Түлкібас кентіндегі тағы бір маңызды нысан – «Мұрагер» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы. Жалпы сыйымдылығы 3000 тоннаға арналған екі корпустан тұратын қойманың қазіргі жағдайы сарапталды. Аудан әкімі қойманың жұмысын жаңғырту мәселесін талқылап, кәсіп иесі және жауапты мамандармен бірлесіп, жаңарту жоспарларын нақтылады. Сонымен қатар, тиісті бөлім басшыларына қойманы қалпына келтіру және тиімді пайдалануға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Өңір экономикасын дамытуға бағытталған қолдау
Түлкібас ауданындағы бұл өндіріс орындары тек экономиканың дамуына ғана емес, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға да үлес қосуда. Аудан басшылығы кәсіпорындардың өнім көлемін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және аймақтық нарыққа шығару мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл қадамдар өндіріс көлемін ұлғайтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп күтілуде. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать

0