Мақтаарал ауданы тәжікстандық делегациямен тәжірибе алмасты
Мақтаарал ауданы тәжікстандық делегациямен тәжірибе алмасты
Тәжікстан Республикасы, Соғды облысы, Бабоджон Ғафуров ауданының делегациясы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларындағы тәжірибе алмасты. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров бастаған кездесуде мақтааралдықтардың жетістіктері мен жұмыс тәжірибесі таныстырылды.
Делегация алдымен «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-не барып, мекеме басшысы Амандық Қостаковтан селекция, тұқым шаруашылығындағы зерттеу жұмыстары, мақтаның М-4011, М-5027 жаңа сорттарының артықшылықтары мен өнімділігі жайлы ақпарат алды. Тәжікстандық қонақтар қазақстандық мақта сорттарына қызығушылық танытып, оларды Соғды облысындағы 100 гектардан астам жерге егу ниеттерін білдірді.
«Төрткүл-7» шаруа қожалығына барған делегация *John Deere* комбайны, *Беларусь* тракторлары, *Elvorti* культиваторы және басқа да ауылшаруашылық техникаларымен танысты. Нұрбол Саттаров ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен лизинг бағдарламалары туралы айтып, мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда техника паркінің жыл сайын жаңарып отыратынын атап өтті.
Сапар барысында делегация мүшелері Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді, тәулігіне 600 тонна таза мақта және 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Зауыт өнімі Қытай, Түркия, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан және Еуропа елдеріне экспортталады.
Жеке кәсіпкер Қабыл Боевтың 3 млрд теңгеге бағаланған, қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын өңдейтін зауытында 80 адам жұмыспен қамтылған. Бұл сапар екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашады деп күтілуде.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
18 Қантар 2025, Сенбі
Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі зауыт салынады: инвестиция көлемі 3 млрд теңге
18 Қантар 2025, Сенбі
10) Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі жаңа зауыт салынады.
Комментарии (0)