Байланысқа арналған телефондар:
» Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам және Төлеби аудандарына іссапармен барып, бірқатар мектептердің құрылыс-жөндеу жұмыстарымен және жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам және Төлеби аудандарына іссапармен барып, бірқатар мектептердің құрылыс-жөндеу жұмыстарымен және жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығымен танысты.

26 Маусым 2025, Бейсенбі
1 563
0
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам және Төлеби аудандарына іссапармен барып, бірқатар мектептердің құрылыс-жөндеу жұмыстарымен және жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығымен танысты.
Бұл жұмыс – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыс халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
Түлкібас ауданында орналасқан әйгілі Ә.Науаи атындағы мектеп 1970 жылы салынған. 2004 жылы қосымша оқу ғимараты салынып, жалпы қуаты 600 орынға жеткен. Алайда уақыт өте келе ғимарат ескіруіне байланысты күрделі жөндеуді қажет етуде. Биылдан бастап жөндеу жұмыстары қолға алынып, 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мердігер мекеме ретінде «Шаңырақ» өндірістік кооперативі тартылып отыр.Сайрам ауданындағы №89 Қайнарбұлақ мектебі мен №14 М.Сапарбаев атындағы мектепте де құрылыс мәселелері мен инфрақұрылым жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен салынып жатқан жаңа ғимараттарға, бөбекжайлар мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарға ерекше назар аударылды. Анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Төлеби ауданында да мектептердің жағдайы зерттелді. Ауданда 68 мектептің үшеуі күрделі жөндеуден өтуде, 43 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп ғимараттарының құрылысы да жалғасып жатыр. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігі мен қолайлы оқу ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығы – облыс әкімдігінің басты назарындағы мәселе. Қараспан, Отырар, Самал сынды ірі лагерлерде инфрақұрылым, санитарлық жағдай, бейнебақылау жүйелері, азық-түлік сапасы, медициналық қызмет пен күзет шаралары тексерілді. Әр лагерьдің техникалық мүмкіндіктері мен балаларға арналған бағдарламалары сарапталып, кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар берілді.
Биыл Түркістан облысында барлығы 70 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылмақ. Оның ішінде 50 мыңға жуық бала бюджет есебінен тегін демалуға мүмкіндік алады. Облыс аумағында 9 мемлекеттік және 22 жекеменшік лагер жұмыс істейді. Мемлекеттік лагерьлерде әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінуде.
Өткен жылдармен салыстырғанда, лагерьлердің материалдық-техникалық базасы біршама жақсарды. 2022–2023 жылдары тексеріс нәтижесінде анықталған санитарлық және қауіпсіздік кемшіліктері жойылып, бейнебақылау, өртке қарсы жүйелер мен медициналық бекеттермен толық жабдықталған. Ал кейбір жекеменшік лагерлерде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстар өңірдің білім беру жүйесін жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Әкімдік пен жауапты бөлімдердің мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта мектептерге арналған күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа нысандардың құрылысы одан әрі жалғасады. Сонымен қатар жазғы лагерлерге балаларды тарту және олардың демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ету – басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Мұндай тексерістер мен сапарлар бұрын да өткізілген. Алайда 2025 жылғы жазғы маусымға дайындық ерекше бақылауға алынып отыр. Бұл жолы сапаға қойылатын талаптар күшейтіліп, жоспарлау мен жүзеге асыру кезеңдері нақты уақытпен шектелген. Жауапты тұлғаларға мерзімді есеп беру тапсырылған, ал қоғамдық бақылау тетіктері де іске қосылған.
Түркістан облысында білім беру мен балалар демалысын ұйымдастыру саласында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар – келешек ұрпақтың қауіпсіз әрі сапалы білім мен тәрбие алуына бағытталған. Бұл бағыттағы саясат облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында болып, жыл сайын жетілдіріліп келеді.
Жергілікті халық пен ата-аналар тарапынан бұл бастамаларға оң баға берілуде. Олар үшін балаларының қауіпсіз ортада білім алуы мен демалуы – ең маңызды мәселе. Сондықтан да аталған шаралар қоғамның сенімін ақтап, алдағы уақытта өңірдегі білім беру мен жазғы демалысты ұйымдастыру жүйесінің одан әрі нығаюына жол ашады.
Қорыта айтқанда, Түркістан облысында білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жүйесі заман талабына сай жетілдіріліп келеді. Қазіргі қолға алынған бастамалар өткен жылдардағы тәжірибелермен салыстырғанда жүйелі әрі ауқымды. Бұл – облыстың әлеуметтік дамуы мен болашақ буынның игілігі жолындағы маңызды қадам.

Тілші Тогжан Габидинова
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать