А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық аясында мектептерде жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қаладағы білім мекемелерінің бірі – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қосымша корпусына жүргізілген құрылыс жұмыстары қарқынды. 2024 жылы басталған құрылыс жаңа корпус 575 оқушыға арналған және алдағы оқу жылында пайдалануға берілмек.
Мектеп ғимаратының үш қабаты да заманауи талаптарға сай, білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған. Қазірде құрылыс жұмыстарының сапасы тексеріліп, барлық қажетті жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңа корпус – қалада білім сапасын арттыруға және мектеп инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Оқушылар мен мұғалімдерге жайлы және заманауи жағдай жасау – басты мақсаттардың бірі. Алдағы уақытта тағы да бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары жоспарланып, білім мекемелерінің инфрақұрылымы одан әрі жетілдіріледі.Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







