ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Теміржол саласы – мемлекеттің экономикалық тірегі, ел дамуының күре тамыры. Осы саланың өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан ардақты теміржолшылардың бірі – Құрманәлі Шәкір Шымкентбайұлы.
Құрманәлі Шәкір Шымкентбайұлының теміржол саласындағы еңбек өтілі 29 жылды құрайды. Ол өзінің еңбек жолын Қазығұрт станциясында пойыз құрастырушысы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушісі болып бастаған. Қызмет барысында кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.
Бүгінде Текесу станциясында пойыз құрастырушысы қызметін атқаруда. Өз ісіне адалдықпен қарап, ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман – теміржол саласының нағыз жанашыры. Оның кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығы – жас теміржолшыларға үлгі.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің тамыры тереңнен — жол инфрақұрылымы жаңа дәуірге қадам басуда
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Қаратау ауданында кешенді тексеру: басшылық нақты міндеттер қойды
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Шымкент қысқа дайын: «Әділет» партиясы жылу жүйелеріне мониторинг жүргізді
12 Қырқүйек 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






