Байланысқа арналған телефондар:
» » Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті

Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті

16 Ақпан 2026, Дүйсенбі
11
0
*Алматы су тасқынының алдын алуға кірісті*    
Алматыда қалалық қызметтердің көктемгі су тасқынына даярлығын пысықтап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бақтыгереев осы жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ, тұрғын үй секторы мен инфрақұрылым нысандарын көктемде су басатын қауіп те едәуір азайған.

Алматы аумағында 153 су нысаны бар, оның ішінде жалпы ұзындығы 586,2 шақырым болатын 109 су арнасы мен 44 су айдыны бар. Қалада 29 тіреу гидротехникалық құрылысы жұмыс істейді, олардың жетеуі жөндеуді қажет етеді, соның ішіндегі алтауы коммуналдық меншікте екен.

«Қаладағы еріген су мен жаңбыр суының ағысын қамтамасыз ететін ұзындығы 1 525 шақырым болатын арық желісі бар. Су бөгелес үшін арық пен өткелдерді күн сайын тазартып отырады. Су жайылып жатса 52 бригада жедел жұмыс істеуге тағы дайын отыр», – дейді Аршат Бақтыгереев.

Қазір  қаланың орталық, шығыс және батыс бөлігінде арық желісі мен нөсер кәрізін салып, оны қайта жаңғырту жобасы қолға алынып жатыр.

Осы жолы қаланың орталық бөлігінде жұмыстар толық аяқталып, 158 учаскеде 76,6 шақырым арық желісі қайта жаңғыртылды.

Шығыс жақтағы ұзындығы 26,2 шақырым болатын 58 жердегі жұмыс та аяқталды, биыл қосымша 30 жердегі 7,6 шақырымда осындай жұмыс істеледі.

Батыс бөлігінде қазіргі уақытта 9,3 шақырым жұмыс атқарылды, 2026 жылға жоспар 41,7 шақырымды құрайды.

2026 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін 1 867 адамнан, 775 бірлік техникадан, 119 мотопомпа мен 6 жүзу құралынан тұратын күштер мен құралдар дайындалды. 23 500-ден астам қап пен 17 843 тонна инертті материал қоры жасақталды, сондай-ақ қалқалар мен уақытша орналастыратын орындар жағы да әлден әзірленіп қойылды.

Су тасқыны кезеңіне арнаулы қызметтер сақадай сай отыр.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать