Заң мен тәртіп – құқықтық сауаттылықтан басталады
Шымкенттегі жаңадан ашылған Жапон бағында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-құқықтық акция өтті. Мамандар қала тұрғындары мен жастарға өз құқықтарын қорғау, интернет-алаяқтықтан сақтану және құқық бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін түсіндірді.Іс-шараны Шымкент қаласындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігі, Жастар ресурстық орталығы, әкімдік, прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырды.
Акция барысында тұрғындарға құқықтық ақпараттар таратылып, түрлі жағдайларда әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары қаладағы шамамен 40 колледж бен 9 жоғары оқу орнында тұрақты жүргізіледі. Кездесулерге прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қатысады.
Жастар ресурстық орталығы өкілінің сөзінше, басты мақсат – жастардың заң талаптарын білуімен қатар, өз құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін меңгеруіне жағдай жасау. Ал жаңа оқу жылында түсіндіру жұмыстары әсіресе қалаға алғаш келген бірінші курс студенттеріне бағытталмақ.
Ұйымдастырушылар «Заң және тәртіп» қағидаты тек заң бұзғаны үшін жауапкершілікті емес, әр азаматтың өз құқығын білуін, өзгенің құқығын құрметтеуін және қажет жағдайда тиісті органдарға жүгінуін де көздейтінін атап өтті.
Обсудить
Другие статьи:
Национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов реализуется в Шымкенте
20 Тамыз 2026, Бейсенбі
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы Шымкентте іске асырылуда
20 Тамыз 2026, Бейсенбі
Шымкентте Спорт күні бұқаралық спорттық жарыстармен аталып өтті
20 Тамыз 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
25 Қараша 2025, Сейсенбі
М. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
19 Қараша 2025, Сәрсенбі
“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫН КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
12 Тамыз 2025, Сейсенбі
Шымкентте Әл-Фараби ауданында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті
16 Қантар 2025, Бейсенбі
9) «Заңды білу – заман талабы»: Шымкентте жастарға арналған дөңгелек үстел өтті
Комментарии (0)


