АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҰСЫНУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының баспасөз алаңында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің, яғни активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынудың мерзімі мен тәртібі туралы баспасөз конференциясы болып өтті.
«2024 жылы № 250.00 «Активтер мен міндеттемелер туралы» бірінші ұсынылған декларацияда - декларацияның түрі бастапқы (Первоначальная) деп көрсетілуі қажет.
Декларация тапсыру міндеттемесі туындаған тұлға 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша есептілікті ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде ұсыну: салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile немесе Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады», - деді Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Б.Панбаев.
Сонымен қатар, департамент мамандары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 272 бабына сәйкес, декларацияны мерзімінде ұсынбаған жағдайда бірінші рет ескерту, бір жыл ішінде қайталанған жағдайда – 15 АЕК көлемінде айыппұл салынатындығын ескертеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
№ 250.00 «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларация жеке тұлғалардың ҚР-да және оның шегінен тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
Шетелдегі мынадай активтерді:
- жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
- көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
- әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді;
- ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
- шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын ақшаны көрсету керек.
Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
- цифрлық активтерді;
- инвестициялық алтынды;
- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
- 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
- жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.
Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылықтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушыдан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағалау қажет.
Ал, Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын өз бетінше тексеру үшін келесі сайттарды пайдалануға болады.
1. Бағалы қағаздар бойынша https//portal.kacd.kz
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша HTTPS//HOMEPORTAL.KZ
3. Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша HTTPS//gosreestr.kz
4. Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша HTTPS//egov.kz/CMS/ru/services/pass077 mu
Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттер:
- жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдіснамалық негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдарды жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге дайындау бойынша іс-шаралар өткізу;
- табыс пен мүлікті декларациялаудың халыққа барынша қолайлы рәсімін жасау;
- жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кеңінен ақпараттандыру;
- декларацияны жасау және ұсыну бойынша мемлекет тарапынан халыққа әдістемелік көмек көрсету;
- жеке тұлғалардың декларацияларын камералық бақылаудың тиімді жүйесін құру.
«Дөңгелек үстел» отырысының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Азамат Алимбетов

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
14 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
2024 ЖЫЛДЫН 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 3-КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
05 Желтоқсан 2023, Сейсенбі
2024 ЖЫЛЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА НИЕТ ЕТКЕН ЖАМАҒАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНА 17 ТУРФИРМА ИЕ БОЛДЫ
Комментарии (0)