Шымкент. Отбасылық мәселе қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі деуге болады.
Отбасылық мәселе қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Көптеген отбасыларда орын алатын жағдайларды естіп, таң қалмасқа шара жоқ. Жас келінге ене, қайын сіңлі, қайын әпкелердің араласуы қаншалықты орынды? Жолдасымен келіспеушіліктердің артуы отбасылық жағдайға кері әсерін тигізіп, кейде ажырасумен аяқталып жатады. Ұрыс кезінде ажырасуды ең оңай шешім деп ойлау дұрыс емес. Қыз бала үшін ажырасу қиын; артынан «қайтқан қыз» немесе «ажырасқан» деген сөздер ереді. Қайтадан тұрмыс құру қыз балаға қиынға соғады, ал ер адамдар үшін бұл кедергі емес. Сондықтан жеңіл жол іздемей, мәселені шешуге күш салған дұрыс.
Отбасындағы жанжалдардың негізгі себебі – жаман әдеттер (алкоголь, нашақорлық, темекі шегу, құмар ойындар және т.б.). Статистикаға сүйенсек, маскүнемдік әрбір үшінші отбасында кездеседі. Отбасында ішімдікке құмар адам болса, бейбіт өмір сүру мүмкін емес, себебі мұндай ортада бәрі зардап шегеді, әсіресе балалар ауыр психологиялық жарақат алады. Маскүнемдер өз мінез-құлқын бақыламай, физикалық күш қолдануға да барады.
Нашақорлық та маскүнемдік сияқты отбасын бұзады. Мұндай жағдайды жалғыз жеңу қиын, көп уақыт пен күшті талап етеді. Отбасы мүшелері психологқа дайындалып, жаңа өмірге қадам басуы қажет. Осыған орай, жақындары тәуелді отбасы мүшесін маманға баруға алдын ала дайындауы керек.
Бақытты болашақ үшін үйде тыныш атмосфераны сақтау маңызды. Балалардың бақыты мен жан тыныштығы үшін ерлі-зайыптылардың бірі жауапкершілікті өз мойнына алуы қажет. Отбасыңызды айыптаулардан, жанжалдардан қорғап, әрдайым бір-біріңізге қамқор болыңыздар. Сіздерде күресетін нәрсе бар екенін ұмытпаңыздар.
Егер дәрменсіздік сезімі туындаса және тәуелді адам қоршаған ортаға қауіпті болса, дереу мамандандырылған мекемелерге хабарласқан жөн.
Қорытындылай келгенде, сүйіспеншілік пен сыйластықтың болмауы – ерлі-зайыптылардың негізгі мәселесі. Туындайтын жанжалдар мен реніштердің көбі осыдан бастау алады. Сүйіспеншіліксіз неке – жанжалдар мен реніштерге толы қарым-қатынас. Бірақ бұл жағдайдың шешімін табу қиын болса да, мүмкін. Ерлі-зайыптылар байыппен сөйлесіп, бір-бірін шын жүректен тыңдауы тиіс. Қарым-қатынас кезінде есте сақтаған жақсы сәттерді еске алып, бір-бірінің ең жақсы досына айналып, кеңес беріп, осы негізде бақытты отбасы құруды жалғастырсын.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
29 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Ажырасу оңай шешім емес: Отбасы құндылығы мен қарым-қатынасты сақтау
28 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Қазақстанда отбасылық мәселе өте өзекті, себебі қаншама отбасыға қиын соғып жатыр.
13 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Отбасы мәселелері қазіргі қоғамда маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.
Комментарии (0)