Шымкент. Ажырасу оңай шешім емес: Отбасы құндылығы мен қарым-қатынасты сақтау
Ажырасам деп ешкім үйленбиді, келісемін, алайда ажырасуға болады деп ойлау да оңай. Үйленемін, сүйемін деп бір-бірін таңдаған соң, тез арада ажырасу қаншалықты дұрыс деген ой туады. Бірақ қазіргі жастардың басым көпшілігі мәселенің мән-жайын анықтап, оны шешуге ұмтылмастан, ажырасуға бет бұрып жатады. Бұл қаншалықты әділетті, әсіресе екі ортада көзі жәутеңдеген бала қалып жатса? Баланың кімге барарын білмей, өскенде әкесіне өкінішпен қарауы мүмкін. Сондықтан әрбір қадамды ойланып жасау қажет. "Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған ғой.
Екіншіден, бала – Алланың нығметі, аманаты. Сол аманатқа қиянат жасалмауы тиіс. Бойындағы баланың дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау – ананың басты міндеті. Баласының денсаулығына алаңдайтын әрбір ана мұндай қадамдардан сақтанғаны жөн. Себебі, жүктілік кезінде әйел нәзік күйде болады, сондықтан сырт көзден, сұқты жанарлардан барынша сақтанғаны дұрыс, әйтпесе бұл баланың не ананың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қасиетті Құранда "...Сонда оған (әйелге) жүктілігінің әр күні үшін күндіз ораза тұтқанның, түнде Аллаға құлшылық еткеннің сауабы жазылады" делінген. Бұл кезеңнің өте жауапты сәт екенін осыдан-ақ пайымдауға болады.
Үшіншіден, белгілі бір суретті желіге қою арқылы қаншама жанның жарасын жаңғыртып, жанын жүдетіп аласыз. Өмірде перзенттің тәтті иісін иіскеу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Ал сізге бұйырған екен, онда әлемге жар салмай, үнсіз шүкір етіңіз. Жабырқау жанның жүрегіне артық жүк артпаңыз.
Бұл ойымызға қарсы пікір айтатындар да аз болмас. "Бұл олардың тағдыры" дер. Жарайды, солай-ақ болсын. Алайда, көргеніңіз бен түйгеніңізді жазып, білгеніңізбен бөліссеңіз, қаншама жанның сауабын аласыз. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей, сіз де бірнеше жанның жүрегіне ізгілік дәнін егесіз.
Әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбаудың кесірінен қаншама отбасы ойран болып жатыр. Қазіргі қоғамда ушығып тұрған тұрмыстық түрлі кикілжіңдер мен тіршіліктің қиюы қашқан көріністерінің туындауына осы әлеуметтік желі себепкер болып жүргенін мойындауымыз керек. Сондықтан, жастарға айтарым: ажырасуды ойламаңыздар, ол жай ғана бір қол қоюмен бітпейді. Керісінше, мәселені шешуге тырысайықшы.
Ажырасу — оңай шешім емес және оның салдары баланың болашағына кері әсер етуі мүмкін. Отбасылық өмірдің қиындықтарын бірге жеңіп, маңызды мәселелерді ашық талқылап, бір-бірін қолдау арқылы ғана берік және бақытты отбасы құруға болады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі
28 Қараша 2024, Бейсенбі
“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ
28 Қараша 2024, Бейсенбі
Шымкент. Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі.
23 Қараша 2024, Сенбі
Похожие материалы:
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Қазақстанда отбасылық мәселе өте өзекті, себебі қаншама отбасыға қиын соғып жатыр.
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Ешкім ажырасам деп үйленбейді, алайда үйленбей тұрып, үй болмай тұрып неге ойланбасқа?
23 Қараша 2024, Сенбі
Шымкент. Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Отбасы – ең алдымен баланың өмір туралы көзқарасы қалыптасатын алғашқы ортасы.
Комментарии (0)