Байланысқа арналған телефондар:
» » ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ

ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ

19 Қараша 2024, Сейсенбі
17
0

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ашылды. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс» деген болатын. Автобустармен жолаушы тасымалдау – үлкен сұранысқа ие қызмет. Жолаушылар мен жүк тасымалын ұлғайту, қызмет сапасын жақсарту мақсатында Сырдың бас шаһары тағы бір әсем, заманауи нысанмен толықты. 

Жаңа халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай болуы үшін бюджет қаржысы есебінен 975 млн теңгеге салынды. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Жолаушылар автовокзалдан халықаралық және ішкі 

38 бағыт бойынша сапарға шыға алады. Жаңа автовокзал200 жолаушыға дейін жолға жөнелту мүмкіндігі бар. Жолаушыларды түсіру үшін 6 перрон, сапарға шығатындарға 11 перронқарастырылған. 


Соңғы жылдары Сыр өңірінде барлық саланың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде автопаркін жаңартуға басымдық берілуде. Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін жаңадан 300 автобус алынды. Еске салсақ, өткен жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға тоғыз жолдың торабындағы бас қақпа – теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

Ақпарат көзі : Қызылорда облысының баспасөз хабарламасы 

Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать