Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары сараланды.
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін баса айтқан болатын. Осы орайда Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары сараланды.

Шымкент қаласының биылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға артты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға, инвестиция 14%-ға, құрылыс жұмыстары 22%-ға, жалпы сауда 16,3%-ға, көлік қызметі 30,2%-ға артты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,6%-ды құрады.
Шымкентте қоғамдық орын aбаттандырылды. Шымкент күн сайын көркейіп, әсем қалаға айналып келеді. Мегаполисті абаттандыру бойынша жоспарлы әрі жүйелі жұмыстар атқарылып, тұрғындар үшін жаңа демалыс орындары салынып жатыр. Шаяхметов көшесінің бойында 16 және 17 шағынаудан арасында орналасқан тағы бір гулзар абаттандырылды. Айта кетейк, шағын әрі жайлы коғамдық орын қолданыстағы аллеяның жалғасына айналды.
Демеуші өз қаражаты есебінен бос жатқан аумақты толығымен абаттандырып, қоршаумен қоршап берді. Сонымен қатар, мұнда кураған ағаштар алынып, тас төсеніш төселді және ерекше көрік беретін түрлі көшеттер мен гүлдер отырғызылды. Бұдан бөлек, жоба аясында жаңа арықтар, суару жүйесі, заманауи жарықтандыру шамдары, шағын архитектуралық формалар, ыңғайлы тербелмелі орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Аллея енді көшелер мен шағынаудандар арасында байланыстырушы рөл атқарып қана коймай, тұрғындардың демалып, әңгімелесуіне ыңғайлы әрі жайлы орынға айналмақ. Барлық абаттандыру жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылғанын атап өткен жен.
Шымкент қаласында қандастар жұмыспен қамтылуда. Қандастардың елге оралуы демографиялық ақуалды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне де оң серпін тигізуде. Қандастарды қабылдау, оларға қолдау көрсету мақсатында арнайы бағдарламалар іске қосылды.
Кешенді шаралар аясында калада биыл 366 отбасындағы 736 адам «қандас» мәртебесін алып, 48 отбасындағы 64 адамның мәртебесі 6 айға ұзартылды. "Қандас" міртебесін алғандардың ішінде 365 ер адам мен 371 әйел бар, олардың 234-і 18 жасқа дейінгі балалар, ал 90-ы зейнеткерлік жастағы азаматтар. Қоныс аударған қандас отбасыларда 412 адам еңбекке қабілетті.
Мегаполиске қоныс аударған қандастардың басым бөлігі - ТМД елдері мен Өзбекстаннан келгендер. Жыл басынан бері Өзбекстаннан 722 адам, Қыргызстаннан - 1, Ресейден - 7, Түркіменстаннан - 2 және Қытайдан 4 қандас көшіп келді. Олардың дені кұрылыс, сауда-саттық
және басқа да салаларда жалдамалы жұмыстарда еңбек етуде.
Шымкентте 2008 жылдан бері «Қандастарды бейімдеу және ыкпалдастыру орталығы» жумыс істейді. Орталыктың мақсаты - қандастар мен олардың отбасыларына Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету. Қазіргі таңда қызметті 16 отбасыдан 47 адам пайдаланып отыр. Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобилді орталығына бүгінде 96 қандас жүгінген. Олардың ішінен 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.
Еңбек мобильділігі орталығына жыл басынан бері 124 қандас жүгініп, олардың 66-сы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Бір қандас жұмыс берушілердің сұранысына сай оқуға жіберілсе, 27 қандас тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 4 жас маман «Жастар практикасы», 4-і «Қоғамдық жұмыс», 10 қандас «Алғашқы жұмыс орны», 1 адам «Күміс жас» бағдарламалары аясында жұмысқа орналасты. Ал 18 қандас «Бастау бизнес» жобасы арқылы алғашқы кәсіпкерлік дағдыларын меңгеруде. Қала экономикасының маңызды салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік қызметі мен инвестиция көлемі тұрақты түрде өсуде. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүйесі, оның ішінде көп балалы отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету мақсатында ауқымды жұмыс атқарылды. 2024 жылы 403 мың адамға АӘК тағайындалып, бюджеттен 54,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, еңбек нарығында белсенді шаралар жүргізіліп, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке ынталандыру бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Жалпы алғанда, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес белсенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл қаладағы өмір сапасының жақсаруына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының көтерілүіне және экономиканың әртараптануына оң ықпал етуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және әлеуметтік саланың әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Шымкенттің экономикалық және әлеуметтік дамуы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қаланың әрі қарай өркендеуі үшін қуатты негіз қалауда.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылдың әлеуметтік-даму қорытындысын жасады.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
Президент Жолдауында қойылған міндет – еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр.
Комментарии (0)