Байланысқа арналған телефондар:
» » Ұлттық жоба қатарындағы ең маңыздыларының бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері».

Ұлттық жоба қатарындағы ең маңыздыларының бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері».

11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
42
0
 Ұлттық жоба қатарындағы ең маңыздыларының бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері». Жобаның мақсаты — халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету арқылы халықтың жайлы өмір сүру ортасын құру. Сондай-ақ, бұл жоба еліміздегі өңірлер арасындағы айырмашылықты азайту үшін іске қосылғанын атап өту керек. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. 

Ұлттық экономика минисрінің Үкімет отырысындағы мәліметінше, ұлттық жобаны іске асыруға 1,4 трлн теңге жұмсалған. Ал 2021 жылы бағдарламаға ұлттық валютада барлығы 1,5 трлн бөлінді. 2021 жылы ұлттық жобаны іске асыру белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш 96 пайыз, моно және шағын қалалардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуы 57,6-дан 45,5 пайызға дейін төмендеді, 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жолдардың сапасы жақсарды. 112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды. Ал 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыруға 1,8 трлн теңге қарастырылды. 
Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен бірге тұрғындар арасында “Зеленая балка” (Көксай) атауымен танымал елдімекенді жаңғырту тұжырымдамасын талқылады. Бұл шағынаудан тарихы 1915 жылы, қалада теміржол салу жұмыстары басталып, алғашқы қоныстанушылар көшіп келген кезеңнен бастау алады. Тұрғындар бұл аймақты «Нахаловка» деп атап кеткен, себебі мұнда азаматтар жер телімдерін өз бетінше иемденіп, үйлердің басым бөлігін заңсыз салған. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде және қаланы аралау барысында мұндағы күрделі криминогендік ахуал мәселесін көтерді. Жалпы, даму тұжырымдамасы жинақталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді көздейді. Бұл елдімекенде аудан әкімдігі ғимаратын, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер және саябақтар салу, қолданыстағы мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру жоспарланып отыр. Қолға алғалы отырған шаралар қаланың сыртқы келбетін өзгертуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, мұндай жұмыстарды алдағы уақытта Қошқар-ата өзені бойында да жүргізу жоспарлануда.
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай халықты 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл меже – мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру ісі біртіндеп жүзеге асып жатыр. Ауыз су мәселесі шалғайдағы ауылдарда ғана емес, ірі қала мен мегаполистерде де өзекті еді. Мысалға, Шымкент қаласы биыл жыл соңына дейін толық ауыз сумен қамтылады.Сондай-ақ биыл 8 шағын ауданды электр жүйесімен қамту ісі аяқталғалы отыр және 245 көшенің 300 шақырым жеріне асфальт жол төселіп бітуге жақын. Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді немесе ескісі жөнделеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген. Жалпы«Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген. Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр. Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.
Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 500 мың жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ өңірлер арасында және өңірлер ішінде ішкі инфрақұрылымдық байланыстылықты нығайту жаһандық рейтингте Қазақстанның мынадай позицияларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
- «Инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша ДЭФ бәсекеге қабілеттілігі бойынша 62-ден 49-ға дейін
- «Логистика тиімділігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 71-ден 50-ге дейін.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн теңге, жергілікті бюджеттерде - 786 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат 2,8 трлн теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу және тұрғын үй мәселелерін шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать