Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласында Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады.

Шымкент қаласында Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
57
0
Шымкент қаласында Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Ұлық мереке қарсаңында пайдалануға берілген Бозарық шағын ауданында орналасқан баспаналарды тұрғын үй кезігіндегі азаматтар Отбасы бпнк арқылы «2-10-20», «5-10-20» бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де бар. Бүгінде 304 пәтерлік 8 көпқабатты тұрғын уйге конкурс жүргізілді. Қазіргі таңда азаматтармен сатып алу сату келісімін шарты жасалуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама аясында „Отбасы банк“ АҚ арқылы 400 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйге конкурс өткізілу жоспарланған. 

Бүгінде меслекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталуда. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы аз азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 311 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік қол жеткізген болатын. Жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам пәтер беру жоспарлануда. 
Шымкентте „ QAMQOR“ тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 5 млрд теңгесін Шымкент қалалық әкімдігі, ал 3 млрд теңгесін Отбасы банк қарастырып отыр. Жалпы 400 азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдап, арнайы ұпайлар жүйесін пайдаланып, әлеуметті қарыз алушылардың тізімін қалыптастырады. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған түрде „ Баспана маркет“ порталы арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаның цифрландырылуы деректерді тексеру барысында адами фактордың араласуын болдырмай, ұпай санау уақытын айтарлықтай қысқартады. 
Қалада тұрғын үй құрылысында жаңа технологиялар мен инновациялар қолданылуда. Құрылыс саласында экологиялық таза материалдар, энергия үнемдейтін технологиялар, смарт үйлер сияқты заманауи шешімдер енгізілуде. Бұл тұрғын үйлердің сапасын арттыруға және олардың энергия тұтынуын азайтуға бағытталған. 
Шымкент қаласындағы тұрғын үй құрылысымен байланысты мәселелерге қатысты соңғы жылдары бірқатар шешімдер қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Қалада жаңа тұрғын үйлердің құрылыс көлемі артса да, тұрғын үй бағасының жоғары болуы, инфрақұрылым мәселелері мен әлеуметтік тұрғын үйдің тапшылығы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып қала береді. Алайда, бұл мәселелерді шешу үшін қала әкімдігі мен мемлекет тарапынан бірнеше тиімді шаралар қабылданып, тұрғын үй саясаты дамып келеді.  Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 251 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 112 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 91 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа тұрғын үйлер  189 орамда және Тұран шағын ауданында орналасқан. Әлеуметтік пәтерлер 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді, ең үлкен ауданы 73 шаршы метрге дейін қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын „MK-TIME“ ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. 
Айта кетсем, биыл 2274 пәтерді несиелік бағытта тұрғын үй кезеңіндегі азаматтарға беру жоспарланған болса, оның ішінде қазіргі таңда 304 азамат баспанамен қамтылды. 
Қорытындылай келе, қала маңындағы аумақтарда жаңа тұрғын үй кешендерін салу арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл әсіресе қала орталығынан аулақ жерлерде тұрғын үй бағасының төмен болуының әсерінен сұранысқа ие.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать