Шымкентте отандық полипропилен өнімін пайдаланатын өндіріс орыны іске қосылды
Шымкентте отандық полипропилен өнімін пайдаланатын өндіріс орыны іске қосылады
Шымкентте КРІ газ-химия кешенінің полипропилен өнімін пайдаланатын жаңа өндіріс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып, қондырғылар тәжірибелік сынақтан өткізіліп жатыр. Келесі жылы іске қосылатын зауытта Атыраудағы КРІ зауытының шикізаты негізінде күрделі спанбонд, медициналық бұйымдар мен құрылысқа қажетті материалдар шығарылатын болады.
Бұл жобаның қуаттылығы жылына 5 мың тонна полипропилен өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда өндірілген полипропиленнің бағасы тиімді болғандықтан, өңдеу өнеркәсібіне қолайлы жағдай туғызуда. Кәсіпорын еліміздегі өңдеуші кәсіпорындардың өнім сапасын арттыруға ықпал етеді, ал полипропиленнің маркалық тоғыз түрі ішкі нарықта қолжетімді бағамен ұсынылатын болады.
Қазақстанның тұңғыш газ-химия кешенінің өнімі ішкі нарықтағы импорттық тәуелділікті 63%-тен 17%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Полипропиленді отандық 80-ге жуық компания тұтынып, оны өз өнімдерінде пайдаланады. Швейцариялық компания сертификаттаған өнімдер Еуропа, ТМД, Түркия және Қытай елдеріне экспортталады.
Кәсіпорындардың логистикасын жеңілдету үшін Алматыда полипропилен сақтау қоймасы ашылып, жақын арада Астана қаласында тағы бір қойма пайда болады.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






