ТҮРКІСТАН: Ордабасы тұрғыны оқушыларға қосымша білім беру орталығын ашты
ТҮРКІСТАН: Ордабасы тұрғыны оқушыларға қосымша білім беру орталығын ашты
Ордабасыда қайтарымсыз грант иегері оқушыларға қосымша білім беру орталығын ашты, деп хабарлайды. Бүгінде білім сапасын арттыру мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде қосымша білім беру саласын дамытуға бағытталған жобалар да бар. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жас кәсіпкерлер өздерінің арман-мақсаттарын жүзеге асырып, қоғамға пайдалы бастамаларды қолға алуда.
Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Сущенко Наталья мемлекет қолдауының арқасында қосымша білім беру орталығын ашып, жасөспірімдерге білім беру саласы бойынша қызмет көрсетуде. Ол 2024 жылы 1 млн 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсіп бастаған. Бүгінде орталықта 18 оқушы білім алуда. Мұнда оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі курстар мен бағдарламалар ұсынылады.
Наталья Сущенко орталықта тек оқу пәндерінен ғана емес, сонымен қатар балалардың өнер, шеберлік, тіл үйрену және басқа да қабілеттерін дамытуға арналған бағыттарды да ұсынатынын атап өтті. Осы арқылы оқушылар өздерін қызықтыратын салада жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, орталық жасөспірімдердің болашақтағы мамандық таңдауына да әсер етіп, олардың өзін-өзі тануына көмектеседі.
Қосымша білім беру орталығының ашылуы Бадам ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердегі балалар үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Орталықта жұмыс істейтін ұстаздар балалармен тіл табысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сай оқу бағдарламаларын жүргізуде.
Наталья Сущенконың айтуынша, бұл жоба өңірдегі білім сапасын көтеруге өз үлесін қосып, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсетеді. Оның пікірінше, мұндай орталықтардың көптеп ашылуы балалардың толыққанды дамуына және еліміздің білім беру саласының деңгейін көтеруге септігін тигізеді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
3) ТҮРКІСТАН: Колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлініп, студенттердің шәкіртақысы көбейді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
Комментарии (0)