1) Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді
Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобаның маңыздылығын атап өтті.
Қала әкімі бұл қосалқы станцияның энергия тапшылығын болдырмауда маңызды рөл атқаратынын айтты. Шымкент – қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, және бұл станция жаңа тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды тұрақты және сапалы электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғ. Сыздықбековтың айтуынша, қосалқы станцияны іске қосу қаланың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ.
Бірінші кезеңде 5 221 абонент электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 057 жеке және 164 заңды тұлға бар. Алдағы уақытта станция 7 500-ден астам абонентті қосып, қала тұрғындары мен бизнестің сұранысын толықтай қамтиды.
Қосалқы станция экологиялық және стратегиялық қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді. Жобаны іске асыру барысында озық технологиялар мен жабдықтар қолданылған. Бұл жаңа инфрақұрылым Шымкенттің тұрақты дамуы мен болашағына маңызды серпін береді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Похожие материалы:

06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Комментарии (0)