7) Шымкентте 13 мыңнан астам отбасы дағдарыс жағдайынан шықты
Шымкентте 13 мыңнан астам отбасы дағдарыс жағдайынан шықты
Шымкентте «Отбасының цифрлық картасы» жүйесінің көмегімен 13 мыңнан астам отбасы дағдарыс жағдайынан шықты. Бұл жүйе арқылы отбасылардың әл-ауқат деңгейі 84 өлшемшарт бойынша бағаланып, әлеуметтік көмек пен даму бағдарламаларын дайындау үшін пайдаланылады. 2024 жылдың 1 тамызында «D» және «E» санаттарындағы, яғни дағдарыс және мүшкіл жағдайдағы отбасылар саны 81 091 болған, бірақ жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 17,9%-ға төмендеп, 13 241 отбасы әлеуметтік тұрғыдан жақсарды.
2025 жылдан бастап аудан әкімдіктері мен мемлекеттік органдар осы цифрлық картаның мәліметтеріне негізделе отырып, «D» және «E» санаттарындағы отбасыларды жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Осылайша, қиын жағдайдағы отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау әрі олардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясат – әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық аспектілерді қамтитын маңызды бағыттар.
14 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНА СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ
17 Қараша 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БІР МЫҢНАН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
Комментарии (0)


