Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында елді мекендер медициналық нысандармен қамтылды: Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған нысандар ашылды

Түркістан облысында елді мекендер медициналық нысандармен қамтылды: Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған нысандар ашылды

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
10
0
Түркістан облысында елді мекендер медициналық нысандармен қамтылды: Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды жақсартып, қолжетімділікті арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, өңірде тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында заманауи медициналық нысандар салуға, бейінді мамандар даярлауға басымдық берілуде.

– Түркістан облысында былтыр 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауылдар мен елді мекендердің 100 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылмақ. Сонымен бірге өңірдегі ауруханалар мен емханаларға заманауи құрылғылар, жедел жәрдем көліктері алынды. Ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жұмысы жалғасады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Жаңадан ашылатын нысандарда санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігі толық сақталып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл мекемелер ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсететін болады. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жергілікті тұрғындарға медициналық қызметті қолжетімді ету үшін жаңа медициналық мекемелерді енгізуді жоспарлап отыр. Әсіресе ауылдардағы халық үшін бұл қызметтер үлкен көмек болмақ, өйткені бұрын соңды медициналық көмектің қолжетімділігі шектеулі болатын. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать