Байланысқа арналған телефондар:
» » 8) Түркістан облысындағы 1 миллионға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Өгем өзенінде су электр стансаларының каскады бар су құ

8) Түркістан облысындағы 1 миллионға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Өгем өзенінде су электр стансаларының каскады бар су құ

18 Қантар 2025, Сенбі
1 601
0
Түркістан облысындағы 1 миллионға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Өгем өзенінде су электр стансаларының каскады бар су құбыры жобасы мақұлданды.

  ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірнеше маңызды инвестициялық жобалар мақұлданды. Олардың арасында:
1.«Qarmet» АҚ жаңғырту жобасы: Компания 2024 жылы өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындау үшін $1,3 млрд инвестиция салуды жоспарлап, зауытты жаңғыртып, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл зауытты жаңғырту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды әсер ететін қадам болмақ. Ұзақ мерзімді стратегия бойынша кәсіпорын 2028 жылға дейін жалпы $3,5 млрд инвестиция салуды көздеп отыр.
2.«Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС жобасы: Солтүстік Қазақстан облысында жоңқа және ламинатталған ағаш-жоңқа тақталарын шығаратын жаңа зауыт салу бойынша келісім мақұлданды. Жоба шамамен 82 млрд теңге инвестиция әкеліп, өңдеу өнеркәсібін дамытуға мультипликативтік әсерін тигізеді.
3.Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр стансаларының каскады бар су құбыры: Жобаның жалпы көлемі шамамен 190 млрд теңге, оның мақсаты – Түркістан облысының 1 миллионға жуық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл жоба өңірдің электр энергиясы тапшылығын жоюға, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартуға және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
  Бұл жобалар елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның экономикасын бәсекеге қабілетті етуге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать

0