9) 2024 жылы Түркістан облысында 62 кооператив құрылды
2024 жылы Түркістан облысында 62 кооператив құрылды
2024 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 62 кооператив құрылып, оның 37-і қаржыландырылған. Нәтижесінде, 23 кооператив қызмет көрсету үшін қажетті техникаларды сатып алып, 14 кооператив қайта өңдеу цехтарын іске қосқан. Бұл жобалар нәтижесінде 148 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша 14 жоба ұсынылып, 166 шақырым су арнасын бетонмен қаптау көзделуде. Бұл жоба іске асқан жағдайда 53,3 мың гектар жерге ағын су жеткізу жақсарады. Осы жұмыстарды орындау үшін «Тұран су» және «Қазсушар» мекемелерінің басшыларына су арналарына қатысты тиянақты сараптама жүргізу тапсырылды.
Ауыл шаруашылығында кооперацияны дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да жалғасуда, оның аясында ауыл тұрғындарына жұмыс орындары мен инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
18 Қантар 2025, Сенбі
10) Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бағытталған екі жаңа зауыт салынады.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылып, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар іске асуда
Комментарии (0)


