5) ТҮРКІСТАН: “Кең дала” бағдарласымен қаржыландыру жүріп жатыр
ТҮРКІСТАН: “Кең дала” бағдарласымен қаржыландыру жүріп жатыр
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Кең дала» бағдарламасы, айтарлықтай тиімділік көрсетуде. 2024 жылы бағдарлама аясында өңірде 1623 жоба қаржыландырылып, 11,4 млрд теңге бөлінді. Бұл шаралар көктемгі егін егу мен жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландырып, шаруаларға жеңілдетілген қысқа мерзімді несиелер ұсынуға бағытталған. Нәтижесінде 2110 адам жұмыспен қамтылды.
2025 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 12,3 млрд теңге бөлініп, 1700-ге жуық жобаны қаржыландыру және 2200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 2 млрд теңге бөлініп, 221 шаруа қожалығы қаржыландырылып, 287 жаңа жұмыс орны құрылды. Қаржының мөлшері 500 мың теңгеден бастап 300 млн теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% құрайды.
Бұл бағдарламаны үйлестіру «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қарасты «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не жүктелген. Қазіргі таңда құжаттар қабылдануда, және үміткерлер жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар.
«Кең дала» бағдарламасы шаруаларға елеулі қолдау көрсетіп қана қоймай, Түркістан облысындағы агроөнеркәсіпті дамытуға да мол ықпал етуде.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды: Ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауқымды шаралар қолға алынуда
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Республика бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және инвести
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Комментарии (0)