Байланысқа арналған телефондар:
» » 9) Түркістан облысында негізгі индикаторлар орындалды

9) Түркістан облысында негізгі индикаторлар орындалды

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 521
0
Түркістан облысында негізгі индикаторлар орындалды

  Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму оң динамика көрсетіп, облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 4,9 трлн теңгені құрап, экономикалық өсім 111%-ды (республика бойынша 106,2%) көрсетті. Мемлекет басшысының 6%-дық экономикалық өсім туралы тапсырмасына сәйкес, облыс көлік, қоймалау және ауыл шаруашылығынан басқа барлық көрсеткіштерге жетті.
  Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде экономикалық өсімді одан әрі арттыру жолдары талқыланып, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен аудан әкімдеріне тәртіптік жауапкершілік қаралатын болды.
  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, 110,1%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің өнімі 13,1%-ға өсіп, 585,4 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн 83 млрд теңгеге жетіп, өсім 106,9% болды, бұл көрсеткіш өңірді республикада алдыңғы қатарға шығарып отыр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 1,4 есеге артты, құрылыс жұмыстарының көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге ұлғайды.
  Облыс әкімі экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша аудан, қалалар үшін арнайы жоспар әзірленіп, әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша тұрақты рейтингтік бағалау жүргізілуде. Аппараттық мәжілісте өңірдегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы баяндамалар тыңдалып, жауапты басшыларға жаңа міндеттер жүктелді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать