Байланысқа арналған телефондар:
» » Қарулы Күштер тәрбиешілерінің 32 жылдығы Түркістанда аталып өтті

Қарулы Күштер тәрбиешілерінің 32 жылдығы Түркістанда аталып өтті

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 534
0
Қарулы Күштер тәрбиешілерінің 32 жылдығы Түркістанда аталып өтті

Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институтының құрылғанына 32 жыл толуына орай Түркістанда салтанатты шара өтті. 1993 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Жарлығымен құрылған бұл институттың мерейтойы Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің ұйымдастыруымен «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында аталып өтті.

Салтанатты шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы Күштер мен әскери қақтығыстар ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және әкімдік өкілдері қатысты. Құттықтау сөздер айтылып, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев тәрбие және идеологиялық жұмыстардың ақпараттық-тәрбиелік, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық бағыттарын атап өтті. Ол бұл жұмыстардың әскери және құқықтық тәртіпті нығайтудағы, әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтаудағы маңыздылығын баса айтты.

Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістері мерекелік концерт ұсынды. Мерейтой Қарулы Күштер қатарындағы тәрбие жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлін айқындады. Шара барысында соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлігі еске алынып, жастарға патриоттық тәрбие берудің жаңа бағыттары талқыланды. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать