Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді

Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді

14 Қантар 2025, Сейсенбі
16
0
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді

Түркістан облысында 2024 жылы колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, олардың шәкіртақысы айтарлықтай артты. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдауында айтылған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қабылданған. 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі артты, нәтижесінде 1 студентке ай сайын орта есеппен 33 943 теңге бөлінеді.

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға көбейіп, 43 575 теңгеге жетті. Ал үздік оқитын білім алушылар үшін бұл сома 50 110 теңгені құрайды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін шәкіртақы 56 646 теңгеге жетті. Сонымен қатар, мүгедек студенттерге көмек көрсету үшін көз бен құлақ диагноздары барлар үшін шәкіртақының 75% көлемінде қосымша қаржы беріледі.

Түркістан облысында әлеуметтік қолдау шаралары да кеңейтілген. Жетім балаларға жылына екі рет 200 мыңнан астам теңге көлемінде киім-кешекке қаржы бөлінеді, сондай-ақ студенттер үшін жол жүру ақысына жеңілдіктер қарастырылып, жылына екі рет әр студентке 8 мың теңгеге жуық жолақы беріледі. Бұл шаралар Түркістан облысындағы студенттерді қолдау мен олардың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать