Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Биыл Мәжіліске үш заң таза қазақ тілінде әзірленіп түскен

7) Биыл Мәжіліске үш заң таза қазақ тілінде әзірленіп түскен

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 525
0
Биыл Мәжіліске үш заң таза қазақ тілінде әзірленіп түскен

  Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы Парламентке ұсынылған заңдардың ішіндегі үш маңызды құжаттың бірі болып табылады, олардың барлығы таза қазақ тілінде әзірленген. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл жайында Түркістан қаласының ерекше статусы туралы заң жобасын талқылау кезінде айтып өтті.
  Депутаттың айтуынша, бұл заңның бірнеше ерекшелігі бар. Бұрын, депутат Үнзила Шапаққызы Үкіметке қазақ тілінде заңдар қабылдау қажеттігін көтеріп, қолданыстағы заңдардың қазақ тіліндегі нұсқасын қайтадан ревизия жасауды сұраған. Үкімет басшысының орынбасары 2024 жылы қазақ тілінде заң дайындауды бастайтындарын мәлімдеген болатын. Абзал Құспанның айтуынша, Үкімет бұл уәдесін ішінара орындап, биыл Парламент қарауына ұсынылған үш заңның бірі — Түркістан қаласының ерекше статусы туралы заң қазақ тілінде дайындалған.
  Аталған заң жобасы бойынша Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынатын болады. Сонымен қатар, заңның басқа екі құжаты — норма шығармашылық туралы заң және архив ісі туралы заң та қазақ тілінде әзірленген. Бұл қадам қазақ тілін заңнамалық құжаттарда кеңінен қолдану бойынша атқарылған маңызды қадам болып табылады. 
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать