Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте 6 жасар қызды азаптап өлтірген әпкесі 20 жылға сотталды

Шымкентте 6 жасар қызды азаптап өлтірген әпкесі 20 жылға сотталды

29 Қантар 2025, Сәрсенбі
16
0
Шымкентте 6 жасар қызды азаптап өлтірген әпкесі 20 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі (адам өлтіру) бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы өткен жылдың маусым айында Шымкент қаласында, Ақпан батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өзінің әпкесінің 2018 жылы туылған 6 жасар қызын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу деректері бойынша, ұйқысынан оянған қыздың айқайлағанына ашуланған сотталушы оның аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Есінен танып қалған қызды ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген.

Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім заңды күшіне енді. Бұл оқиға қоғамда үлкен шу туғызып, балалардың қауіпсіздігі мен қорғалуы мәселесіне тағы да назар аудартуды талап етеді. Соттың қатал шешімі қылмыстық әрекеттерге қарсы күрестегі қатаң тұрпайы екендігін көрсетеді. 
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать