Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау өтті
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау өтті
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді.
Тұрғындардың көпшілігі баспана мәселесін көтеріп, көмек сұрады. Зұлпыхар Жолдасов тұрғын үй кезегінің заңға сәйкес жүргізілетінін, ешкімнің кезектен тыс пәтер ала алмайтынын, заң талаптары бойынша әр азаматтың әділ негізде пәтер алу мүмкіндігі барын атап өтті. Сондай-ақ, мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеу үшін "Отбасы банкіне" өтініш беру мүмкіндігі бар екенін айтты.
Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік көмек, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесі сынды мәселелерді де ортаға салды. Зұлпыхар Жолдасов көтерілген әрбір мәселенің заң аясында қаралып, шешімін табатынына сендірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, барлық өтініштер бақылауға алынды. Бұл қабылдау – жергілікті билік пен халық арасындағы ашық диалогтың және тұрғындардың мұң-мұқтажын шешудегі атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістан облысынба тұрғын үймен қамту саласындағы өзгерістер мен жоспарлар
Комментарии (0)