🎓 «BilimQadam‑2025» – жас педагогтер жәрмеңкесі өтті!

Бүгін Шымкент қаласындағы Көрме орталығында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
📌 Мақсаты: жас мамандар мен білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланысты нығайту.
🔹 Іс-шараны Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жәрмеңкеде 344 бос жұмыс орны ұсынылды:
– 243 — мектеп мұғалімі;
– 60 — балабақша тәрбиешісі;
– 41 — қосымша білім беру маманы.
💡 Сонымен қатар, қатысушылар НОБД HR жүйесі арқылы тіркеліп, құжат тапсыру тәртібімен танысты.
🖥 «HR тіркеу бұрышында» мамандар ЭЦҚ арқылы онлайн тіркеуге көмектесті.
💬
Айта кетейік, грант негізінде оқыған, GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары, сондай-ақ сертификаттаудан өткен түлектер конкурссыз жұмысқа қабылданады.
✨ Жас мамандарға — сәтті таңдау, жарқын кәсіби жол тілейміз!
#BilimQadam2025 #ЖасМаман #Педагог #Шымкент #БілімБасқармасы
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
23 Қырқүйек 2023, Сенбі
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Комментарии (0)





